​Медициналық құжаттардың 200-ден аса формасы электронды форматқа көшірілді

0
3 538

Медициналық құжаттаманың 62 формасын алып тастап, 221-ін электронды форматқа көшірді


​Медициналық құжаттардың 200-ден аса формасы электронды форматқа көшірілді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық форматқа көшіру аясында бастапқы медициналық құжаттаманың 62 формасын алып тастап, 221-ін электронды форматқа көшірді, деп жазады ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама формаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Осылайша, қағаз жүзінде жүргізу қажеттілігі жоқтығына байланысты бастапқы медициналық құжаттамалардың 62 формасы алынып тасталған. Сондай-ақ, автоматтандыру мақсатында 12 форма біріктірілген.

«Медұйымдарда медициналық ақпараттық жүйе болған жағдайда 221 форма электронды форматта жүргізілетін болады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, аталмыш бұйрық Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.