Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет - Мемлекет басшысы

0
2 645

Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр.


Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет - Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Президенттің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар. _Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті.