Медведев Маминді ҚР Премьер-министрі болуымен құттықтады

0
981

Жаңа премьер-министрге сәттілік тіледі.


Медведев Маминді ҚР Премьер-министрі болуымен құттықтады

ERNUR.KZ. Ресейлік министрліктер кабинетінің басшысы қазақстандық әріптесінің жұмысына табыс тіледі, деп жазады baq.kz.

Телефонмен әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Асқар Маминді Қазақстанның Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның жұмысына табыс тіледі. Бұл туралы РФ Үкіметінің ресми сайтында хабарланған.

Сондай-ақ, тараптар Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының жекелеген мәселелерін, алдағы уақытта байланысу кестесін талқылады.