Мейрам Қажыкен Қостанай халқына бағдарламасын таныстырды

0
675

Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.


Мейрам Қажыкен Қостанай халқына бағдарламасын таныстырды

Мейрам Қажыкен Қостанай жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.


Кейін Мейрам Қажыкен облыстық өлкетану мұражайына барып, Тобыл өңірінің құнды жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар, музей қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынша кандидат Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесіп, жастарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.


«Біздің штаб 12 қазаннан бастап жұмыс істейді. Әрине, бұл дайындық кезеңі болды. Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні басталды. Біз барлық баннерлерді ілу жұмыстарын аяқтадық. Бізбен бірге еріктілер жұмыс істейді», – деп үгіт-насихат жұмыстарының барысына тоқталды облыстық штабтың басшысы Серік Сатмұхамедов.