Мекен-жай анықтамасын енді Telegram арқылы алуға болады

0
5 823

Енді мекен-жай туралы анықтаманы Telegram арқылы алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мекен-жай анықтамасын енді Telegram арқылы алуға болады

Енді мекен-жай туралы анықтаманы Telegram арқылы алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Ол үшін өзіңіздің телефон нөміріңізді eGov.kz. порталының профиліне байланыстырсаңыз жеткілікті.

Telegram смс көмегі арқылы іске асатын ең кеңінен тараған 4 қызмет түрін:

  • мекен-жай туралы анықтама;
  • жеке тұлғаның өзге заңды тұлғаларға қатысы туралы анықтама;
  • сотталмағаны жөнінде анықтама;
  • жылжымайтын мүлік жөніндегі анықтамаларды ала алатын @EgovKzKenesBot ботын іске қосты.

Бот қызметін пайдалану үшін алдымен мобилді азаматтар базасына тіркеліп және eGov.kz. порталы профиліне телефон нөмірін байланыстыру қажет. Алынған құжатты телефонға сақтап алуға немесе электронды поштаңызға жіберуге болады.