Меккеге барар жолдағы автобус апаты: Зардап шеккендер ішінде қазақстандықтар жоқ

0
438

Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам қаза тапқан.


Меккеге барар жолдағы автобус апаты: Зардап шеккендер ішінде қазақстандықтар жоқ

ERNUR.KZ. Меккеге қажыларды тасымалдаған автобус апатында зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

«Саудия полициясының мәліметінше, зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам қаза тапқаны хабарланған еді.

Тағы 29 адам зардап шеккен. Апат Асир әкімшілік ауданында болған және автобустың тежегішінен ақау табылған.

Автобуста умра жасау үшін Меккеге бара жатқан қажылар отырғаны анықталды. Олардың барлығы Йеменнен келген.

Қайғылы оқиға Асир әкімшілік ауданында болған. Апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған. Салдарынан автобус көпірдің аралығына соғылып, өртеніп кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.