​Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?

0
2 825

Өңірлік әкімдіктер оқушыларға түскі ас ұйымдастыруға жауапты.


​Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқушылардың мектеп асханасында түскі ас ішуге орта есеппен қанша жұмсайтынын мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Мемлекет көпбалалы немесе күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан оқушылар мен жетім балаларды тегін түскі аспен қамтиды.
Өңірлік әкімдіктер оқушыларға түскі ас ұйымдастыруға жауапты. Мысалы, Астанада жергілікті бюджеттен бүкіл бастауыш сынып оқушылары үшін түскі асқа қаражат бөлінеді.

2015 жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен бірге бірыңғай нормаларды жасап шығарды. Оқушылардың жас ерекшелігі де ескерілген. Тамақтану бойынша бірыңғай стандарттар былтыр жыл соңында қабылданды.

"Жергілікті атқару органдары оқушыларды бір реттік түскі аспен қамтамасыз еткенде үкімет бекіткен ережелерді сақтауы тиіс. Тамақтану құны бір бала үшін 545 теңге тұрады", - делінген министрліктің Sputnik-ке берген жауабында.