Мектеп бітіру кешіне шектеу қойылмайды, бірақ сақ болу керек – бас санитар дәрігер

0
1 159

​Әзірше ешқандай карантиндік шектеу енгізілмейді. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.


Мектеп бітіру кешіне шектеу қойылмайды, бірақ сақ болу керек – бас санитар дәрігер

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мектеп бітіру кештерін өткізуге шектеу қойылмайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанда анықталған коронавирустың "стелс-омикрон" штамы жылдам тарайды. Бірақ дельта-штаммен салыстырғанда жеңіл өтеді. Әзірше ешқандай карантиндік шектеу енгізілмейді. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.
Бас санитардың айтуынша, түлектер кешін өткізуге ешқандай шектеу жоқ. Себебі бұған дейін карантин шаралары алынып тасталды. Алайда Есмағамбетов ата-аналарға жақсылап ойлануға кеңес берді.
"Қазір денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ешқандай шектеу жоқ. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, дегенмен вирустың ешқайда кетпегенін ұмытпау керек. Ол арамызда жүр. Ұжымдық шарада қонақтардың арасында ауырып жүрген адамдар болса, олар вирустың таралуына ықпал етеді", - деді Есмағамбетова.
Ал түлектер кешін өткізген жағдайда мейрамхананы немесе дәмхананы тексерген жөн. Әсіресе, ас мәзірін жасағанда барынша сақ болу керек.
"Жаз келе жатыр, ауа температурасы да көтерілді. Ондайда ас әзірлеу технологиясына барынша мән беру керек. Азық-түлікті қалай сақтағанын, ең бастысы, оны қай жерден сатып алғанын біліп отырған дұрыс. Жазда ішек инфекциясының қаупі жоғары", - дейді Есмағамбетова.
Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін "стелс-омикрон" 12 өңірде тіркелген.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, "стелс-омикрон" республика бойынша тарала бастады. Бірақ мамандар эпидемиологиялық жағдайды бақылап отыр.
"Стелс-омикрон" жұқтырған науқастардың барлығы қажетті ем-домды толықтай алып жатыр. Аурудың қазіргі сипаты карантиндік шараларды қажет етпейді. Сондықтан ешқандай шектеу жоқ", - деп атап өтті Ғиният.