Мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды - министр

0
489

Министрдің айтуынша, сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.


Мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды - министр

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.