Мектеп оқулықтарын тегін жүктеп алуға болады

0
20 331

Жаңа әдіспен оқулықтардың электронды нұсқасын жүктеп алуға мүмкіндік туды


Мектеп оқулықтарын тегін жүктеп алуға болады

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Еліміздің білім және ғылым министрлігі оқулықтардың электронды нұсқасын тегін жүктеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылында 3, 6, және 8 сыныптардың жаңа оқу бағдарламасымен оқиды. Жаңа мазмұндағы кітаптарды мектептерге жеткізу жұмыстары аяқталуға жақын. БҒМ өкілдері тағы бір жағымды жаңалық жеткізіп отыр. Енді оқушылар QR-код арқылы кітаптардың электронды нұсқасын тегін жүктей алады.

«Байқасаңыздар, кітаптардың соңында QR-код бар. Яғни біз сайтымыздан оқулықтардың электронды нұсқасын ашамыз. Әлемнің бірде-бір елінде бұл тегін емес. Біз бар салмақты баспагерлерге салып отырмыз. Олармен бір шешімге келе отырып, қоғамды даурықтырмауды жөн санадық. Әрине бұл бір жағынан авторлық құқыққа да құрық тастау болар еді. Бірақ біз оқулық авторларына ата-аналарға көмектесу керектігін айтып, оларды да көндірдік», – дейді «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев.