Мектеп оқушыларының көктемгі каникул мерзімі белгілі болды

0
589

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.


Мектеп оқушыларының көктемгі каникул мерзімі белгілі болды

ERNUR.KZ. ҚР Оқу-ағарту министрлігі көктемгі демалыстың мерзімін жариялады: олар 9 күнге созылады, деп жазады zakon.kz.

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурызын қоса алғанда 9 күнге созылады», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – 9 күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан - 10 апта;

1-сыныпта қосымша демалыстар – 7 күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).