Мектеп оқушысы "Орал Аруы - 2021" атанды

0
703

17 жасар Екатерина №3 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды.


Мектеп оқушысы

ERNUR.KZ. Қазылар алқасы "Орал Аруы - 2021" атағын Екатерина Кужекешоваға берді, деп жазады Tengrinews.kz.

17 жасар Екатерина №3 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды. Бос уақытында вокалмен айналысқанды және укулеледе ойнағанды ұнатады. Ол фото, видео түсірумен айналысады, сонымен қатар, модель ретінде әртүрлі түсірілімдерге қатысады.

"Менің арманым - алға қойған бар мақсатыма қол жеткізу, қызметте жоғарылау, отбасын құру. Менің анам, әкем, атам және екі ағам бар. Анам әкімші болып жұмыс істейді, әкем Остров театрында ойнайды. Атам - зейнеткер, бұған дейін зауытта ұзақ уақыт жұмыс істеген", - деді жеңімпаз.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" Назерке Карманова,"Павлодар Аруы" Айдана Жұмабекова болған еді.