Мектеп сыртындағы әжетханалар мәселесі қалай шешілмек – министр жауабы

0
1 474

Қазақстанда 2500 далада орналасқан әжетхана бар.


Мектеп сыртындағы әжетханалар мәселесі қалай шешілмек – министр жауабы

ERNUR.KZ. Елімізде мектептердің сыртында орналасқан әжетхана мәселесін шешуге қатысты ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп жазады Елорда Инфо.

«Біз балалардың құқығы мен оларды қорғау керек екендігімізді бір жағдай болғанда ғана еске алмауымыз керек. Балалардың құқығы мәселесі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да күн тәртібінде тұруы тиіс. Бізде балалардың құқығын қорғауға арналған біршама жұмыс істелінуде, оның ішінде құқықтық-нормативтік құжаттар да бар. Әжетхана мәселесіне келсек, бұл жүйелі түрде шешілетін сұрақ. Біз қазір еліміз бойынша 2500 далада орналасқан әжетхананы бір күннің немесе бір айдың ішінде жабамыз десек қателесеміз», - деді А.Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ, министр мектеп сыртындағы әжетханаларды жауып, оны ішке көшіруде кездесетін проблемаларға тоқталды.
«Әжетхананы жабуда қалалық жерлерде проблема болмауы мүмкін себебі ол үшін арнайы кәріздер мен құдықтар қарастырылған. Ал ауылдық жерлерде іштегі әжетханаға су жеткізу мен тазарту мәселесі қиындау. Сондықтан да біз бұл мәселені жоспарлы түрде кезең бойынша шешуді қарастырамыз. Әжетхана тұрғызу қиын емес, бұл жұмыстың маңыздылығы туралы айтып отырмыз», - дейді ол.