Мектепке балтамен келген баланы тоқтатқан оқушылар марапатталды

0
411

Онда қауіптілікке қарамастан батылдық танытқан оқушыларды ата-анасымен бірге марапттағаны жазылған.


Мектепке балтамен келген баланы тоқтатқан оқушылар марапатталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында екі оқушы марапатталды. Олар мектепке балтамен келіп, үш адамды жарақаттаған баланы тоқтатқан еді, деп жазады stan.kz.

Онда қауіптілікке қарамастан батылдық танытқан оқушыларды ата-анасымен бірге марапттағаны жазылған.

“№4 қалалық орта мектептің екі жоғары сынып оқушысы Нұрислам Сандыбай мен Алдиар Нұртаев, сондай-ақ олардың аналары облыстық полиция басшылығының атынан алғыс хатпен марапатталды”, - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да мектепке балта мен пышақ алып келіп үш оқушыны жарақаттаған бала жайлы жазылған. Бұл қауіптің бетін жоғарыда екі оқушы қайтарды. Нұрислам мен Алдиар полиция мен дәрігерлер келгенге дейін шабуылдаушы жасөспірімді тоқтатып үлгерген. Кейін ол 2 айға қамауға алынды.