Мектепте бірнеше пәннің сағаты көбейеді – Аймағамбетов

0
847

Төменгі сыныптардан бастап ағылшын тілін оқыту сағаттары көбейеді.


Мектепте бірнеше пәннің сағаты көбейеді – Аймағамбетов

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов президент тапсырмасы бойынша бірнеше пәннің сағат саны ұлғаятынын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика мен ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін айтты. Осыған орай, министрлік оқу бағдарламаларын жаңартуды жоспарлап отыр.
"Президент жаратылыстану-математика цикліндегі және тілдік пәндерге басымдық беруді тапсырды. Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары бағдарламада ұлғаяды. Оқу бағдарламалары жаңартылады", - деді Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, төменгі сыныптардан бастап ағылшын тілін оқыту сағаттары көбейеді.
"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарын көбейту, қазақ және орыс тілдерін меңгеруге қажетті жағдай жасау бойынша іс-шараларды қабылдаймыз", - деп атап өтті министр.