Мектепте ұстаздарға ақша жинап, сыйлық беруге тыйым салынған

0
2 034

Үш жылдан бері барлық сыйлықтарға тыйым салынған.


Мектепте ұстаздарға ақша жинап, сыйлық беруге тыйым салынған

ERNUR.KZ. Түлектердің бітіру кештері Қазақстан бойынша 12 маусымда өтеді. Салтанатты шараны өткізудің бірыңғай күнін Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты, деп жазады elitar.kz.

"Түлектер кеші 12 маусымда барлық мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-дан кейін өтеді. Министрлік әуел бастан бітіру балын өткізуден бас тартуға шақырды. Мектеп түлектері осындай идеямен келісті, біз оған өте қуаныштымыз. Ата-аналардан да жүктеме алынады", - деп түсіндірді Суханбердиева сейсенбі күні Үкімет отырысының кулуарында.

Вице-министр Білім және ғылым министрлігі мектептерде ақша жинауға тыйым салғанын еске салды.

"Үш жылдан бері барлық сыйлықтарға тыйым салынған. Біз мысалы, түлектерге ағаш отырғызуға тыйым салмаймыз. Бірақ мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата - аналарға сыйлықтар мен ақша жинауға тыйым салынатынын ескертеміз", - деп атап өтті Суханбердиева.

Бұған дейін министрлік бітіру кештерін мектеп ғимаратында өткізуді ұсынған болатын.