Мемқызметте 1 жылға келісімшартпен жұмыс істейтін маман санаты пайда болуы мүмкін

0
557

Мемлекет келісімшартты қызметкер ұғымын заңнамаға енгізу көзделіп отыр.


Мемқызметте 1 жылға келісімшартпен жұмыс істейтін маман санаты пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп жазады baq.kz.

Бас комитетке заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу тапсырылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты - елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша атқарылатын кешенді шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Заң жобасымен бір кодекске және үш заңға түзетулер енгізу көзделіп отыр. Заң жобасын мемлекеттік органдар талқылап, оны әзірлеу аясында практикалық аспектілер есепке алынды. Сондай-ақ заң жобасын қарау барысында өздеріңіз ұсынған түзетулер ескерілді, - деп атап өтті заңды таныстырған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Сонымен қатар ол заң арқылы енгізілетін түзетулер мен ескертулерге тоқталды.

Біріншіден, мемлекет келісімшартты қызметкер ұғымын заңнамаға енгізу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы мемлекетті басқаруды дамыту тұжырымдамасында келісімшартты қызметкер ұғымын енгізуді тапсырған болатын. Олар мемлекеттік қызметші санатына жатпайды. Бұл салалық жобаларды іске асыру кезеңіне арнаулы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік беретін болады. Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды. Екіншіден, ротациялық төлемді енгізу көзделіп отыр. Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы енгізілген. Оның мақсаты – өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу, - деді агенттік басшысы.