Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

0
798

Президент сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.


Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.