Мемлекет басшысы бюджетті қайта қарап, қажетсіз шығындардан бас тартуды жүктеді

0
665

Президент Әкімшілігі бұл мәселенің бәрін бақылауға алып, осы іске тартылған барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың ақпараттық жұмыстарын нақты үлестіреді.


Мемлекет басшысы бюджетті қайта қарап, қажетсіз шығындардан бас тартуды жүктеді

ERNUR.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте әкімдер мен министрлерге бюджетті қайта қарап, қажетсіз шығындардан бас тартуды тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы әкімдер мен министрлер бюджетті қайта қарап, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, салтанатты шараларға жұмсалатын барлық қажетсіз шығындардан бас тартуы керектігін баса айтты.

«Өңірлер мен ведомстволардың бюджетіне түрлі консалтингтік және PR қызметі үшін аз қаржы салынған жоқ. Бұл жөнсіздікті доғару қажет. Осы қаржыны эпидемиямен нақты күреске жұмсаңыздар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірыңғай Коммуникациялық орталықтың жұмысын толыққанды қайта іске қосып, оның үздіксіз болуын қамтамасыз еткені жөн. Президент Әкімшілігі бұл мәселенің бәрін бақылауға алып, осы іске тартылған барлық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың ақпараттық жұмыстарын нақты үлестіруі керек», - деді ҚР Президенті.