​ Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

0
2 419

2019 жылғы ақпанда Қазақстан Бесінші Каспий саммиті барысында 2018 жылғы 12 тамызда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады.


​ Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін қолдану мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

2019 жылғы ақпанда Қазақстан Бесінші Каспий саммиті барысында 2018 жылғы 12 тамызда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады.

Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милі болатын аумақтық су туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекеттің балық аулау бойынша айрықша құқығы бар. Қабылданған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде еліміздің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ, заңның бірқатар нормасы су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған. Жаңа нормалар біздің ұлттық мүддемізге сай келетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, заң қазақстандық балықшыларға Каспийде тәулік бойы балық аулауға рұқсат береді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.