Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

0
1 083

Екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі қарқынды дами беретініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевке  құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады,-деп хабарлады АҚОРДА.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады.

Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы берік достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқаныңызды да атап өткім келеді.

Екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі қарқынды дами беретініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті бауырлас Әзербайжанның бүкіл халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.