Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

0
630

Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Мемлекет басшысына Орталық сайлау комиссиясының сайлауаралық кезеңдегі қызметінің басым бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау науқанын өткізуге қатысты өңірлердегі сайлау органдарының жұмысы туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Орталық сайлау комиссиясына сайлауаралық үдерістердің заңға сәйкес толық ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.