Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

0
728


Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.