Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

0
698

Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.


Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапарын «Жігермұнайсервис» ЖШС-нен бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді.