Мемлекет басшысы жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

0
885

Сегіз адамның өмірін қиған автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.


Мемлекет басшысы жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс", - делінген Президенттің Twitter желісіндегі жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты бүгін, сағат 05: 25-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында орын алған. Мұздың салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлді басқара алмай, оның аударылып түсуіне себепші болған.

Сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.