Мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады

0
660

Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге.


Мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады

ERNUR.KZ. Бүгін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады, деп жазады baq.kz.

Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Қайтарымсыз грант алуға өтініш беру үшін:

- Business.enbek.kz порталында тіркелу керек;

- Грант алу шарттарының сәйкестігіне тексеруден өту қажет;

- Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, порталға енгізу керек;

- Өтініш нысанын толтырып және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.