Мемлекеттік қарыз 4 пайызға артты

0
462

Биыл әлемдік қарыз үлесі болмаған деңгейге жетеді. Бұл туралы британдық зерттеушілер мәлімдеп отыр.


Мемлекеттік қарыз 4 пайызға артты

ERNUR.KZ. Еліміздің де сыртқы қарызы артқан, деп жазады 24.kz.

Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы қарызы 4 процентке артып, 166 млрд долларға жуықтады. Ұлттық банк таратқан мәліметке сүйенсек, ((графика)) бізге қаржылай көмек көрсеткен мемлекеттер көшін Нидерланды бастайды. Олардан 42,7 млрд доллар алдық. Бірақ 2019-ншы жылдан бері көрсеткіш 12 процентке төмендеген.

Тізімді Ұлыбритания, АҚШ, Ресей жалғайды. Франция, Бермуд аралдары, Қытай, Жапония мемлекеттерінде 10 млрд доллар шамасындағы берешегіміз бар. Экономист Бауыржан Ысқақов біздегі қарыздың негізінен әлеуметтік шығындарды өтеуге жұмсалатынын айтып қалды. Ол "мұндай қаржыны экономикаға бағыттап, адами капиталды дамытуға көңіл бөлу керек" дейді.

Қазір де елге салынып жатқан инвестициялардың ішінде ауыз толтырып айтарлығы жоқ емес.

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ $165 МЛРД АСТЫ

Нидерланды – $42,7 млрд (-12,6%) Ұлыбритания - $21,9 млрд (+0,2%) Ресей - $11,7 млрд (+33%) Франция - $11,5 млрд (-1,7%) Бермуд аралдары - $9,6 млрд (+128,5%) Қытай - 9 млрд (-22,4%) Жапония – $5,2 млрд (-10,3%) Гонконг - $3,9 млрд (-15,2%))

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» деген үлкен жобаларымыз бар. «Нұрлы жол» деген автобандар салынып жатыр, иә? Осындай автобанның болуы, инфраструктураның дамуы, тек қана мемлекеттің ғана қолынан келетін дүние емес. Ол жерде міндетті түрде біз инвестициялық күштерді тартуымыз керек. Осы тұрғыдан алып қараған кезде облыстар арасының нығаюы ақталған деп айтуға болады. Негізінен сырттан келетін инвестициялық толқындардың барлығы қазба-байлықтарымызға қарай өте көп бағытталып кеткен.Таусылатын көздерге қарай. Яғни таусылатын көздерді біз қазіргі уақытта инвестициялық қаражаттардың объектісіне айналдыруды біз азайтуымыз керек)), - дейді экономика ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ысқақов.

СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ АҚЫЛМЕН АЛУ КЕРЕК

Биыл әлемдегі мемлекеттік қарыз 71,6 трлн доллардан асады. Британиялық зерттеушілер мұны рекордтық көрсеткішке теңеді. Сарапшы Бауыржан Ысқақов сол себепті сыртқы қарызды жөн-жосықсыз емес, экономикалық қайтарымы болатынына көз жеткізіп, алу керек дейді.

Қазір мұнайдың арқасында жыртығымызды жамап отырғанымыз рас. Ертең ол сарқылар болса, мойындағы қарыздан құтылу мұң болады. Оны тегін айтып отырған жоқпыз. Өкінішке қарай, елдегі квазимемлекеттік сектор қажеттілігін «Азия даму банкі», «Еуропалық қайта құру және даму банкі» сынды ірі қаржылық ұйымдардың ақшасына өтеуді әдетке айналдырған. Экономист компания банкроттыққа ұшыраған күннің өзінде қарыздың мемлекетке аманатталатынын айтады. Бұл қарапайым салық төлеушілердің қалтасына түсетін салмақ.

"Біздегі қарыздардың құрылымын қарап отыратын болсақ, үш ірі жобаға бағытталған. Қара Шығанақ, ТШО, үшіншісі осы мұнаймен айналысатын үлкен ірі жобалар. Сол жобаларды қаржыландыратын сырт мемлекеттердің инвесторлары болса да, олар оны қаржыландыру үшін өздерінің ішкі тобына кіретін компанияларға қаражат беруінің өзі халықаралық әдістемеде мемлекеттің сыртқы қарызы болып есептеледі екен", - дейді экономика ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ысқақов.

ЕҢ ІРІ ӨНДІРУШІ ЕЛ ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІ МЕ?

Ал Қытайда импортталатын көмірге салынатын баж салығы алынып тасталады. Шектеу биылғы мамырдан келесі наурызға дейін енгізіліп отыр. Бұл экономиканы дамыта түсу үшін керек. Әзірге өндіріске қажет көмір үшін 3%, қатты отынның басқа түрлеріне 3-6% салық алынып жатыр. Кей трейдерлер бұл бастаманы "ресейлік көмірге жол ашу" деп бағалады. Жыл басынан бері ондағы отын импорты 24% азайып кеткен еді. Оның үстіне Еуропалық одақ эм-барго жариялағалы ресейлік көмірді тасымалдау арзандаған.

Жергілікті билік елдегі энергетика тепе-теңдігін сақтау үшін қатты отынды қолдану тиімді екенін айтады. Осы мақсатта былтыр аспан асты елінде 324 млн тонна көмір импортталды. Бұл жалпы қолданыстағы отынның 8%-іне тең. Биыл бұл көрсеткіш 4,37 млрд тоннаға жетеді. Ел ішіндегі өндіріс те осал емес. Тіпті рекордтық деңгейде. Жыл соңына дейін тағы 300 млн тоннасы өндірілмек.