​Мемлекеттік қызметкерлер бауырсақ пісіріп жарысты

0
1 847

50 келі қамыр жайып, қызыл күрең бауырсақ пісірді.


​Мемлекеттік қызметкерлер бауырсақ пісіріп жарысты

ERNUR.KZ.Таразда еліміздің барлық өңірінен келген 40-қа жуық жас мемлекеттік қызметкерлер арасында «Бауырсақ party» шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ұйымдастырылған игі істе өзге ұлт өкілдерінің жастары 50 келі қамыр жайып, қызыл күрең бауырсақ пісірді. Үш сағатқа созылған жарыста жастар барынша шеберліктерін ортаға салды. «Жастар арасындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениеті» жазғы мектебінің жұмысына қатысушылар тек мұнымен шектелмей, шанағына күй тұнған домбырадан ән мен жыр төгілтті.

«Шара аясында қазан-ошақ құрылып, бауырсақ пісіріліп, самаурын қайнатылып, домбыра, күй тартыс ұйымдастырылды. Жастар арасындағы отансүйгіштікті сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де насихаттау, қазақтың ұлттық қолөнері мәдениетін өзге ұлт өкілдеріне көрсету мақсатымыз болды», - дейді мемлекеттік қызметкер Ермек Шмалиев.