Мемлекеттік қызметкерлер қымбат ресторанға барғанын Instagram-ға сала алмайды

0
480

Сондай-ақ оларға қандай діни ұстанымда екенін жария етуге тыйым салынады.


Мемлекеттік қызметкерлер қымбат ресторанға барғанын Instagram-ға сала алмайды

ERNUR.KZ. Бүгін Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын қалай жүргізу керек екені айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев қатысты. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақша ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар.

«Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуі тиіс тұстар бар. Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және т.б. фонында ойын-сауық орындарында түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс кезде де жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек», - деп түсіндірді спикер.

Аталған шектеулерден басқа, мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқылы әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы және нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс.