Мемлекеттік қызметкерлерді ауыл-аймаққа жіберу туралы ұсыныс айтылды

0
670

Бұл ұсыныс аудандық, қалалық және ауылдық биліктің дербестілігі мен жауапкершілігін арттыру туралы заңнама барысында қарастырылатын болады.


Мемлекеттік қызметкерлерді ауыл-аймаққа жіберу туралы ұсыныс айтылды

ERNUR.KZ. Ауылдағы кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстанның аймақтарына жіберу жоспарлануда, деп жазады Stan.kz.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосу туралы ұсыныс айтты.

«Ауылдық аймақтардағы кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қосуды ұсынамын», - деді Дәленов.

Сонымен қатар министр жергілікті басқару қызметінің өкілеттігін арттырып, ауылдық округтардың бюджет тәртібін жеңілдетуді ұсынды.

Қазіргі таңда министрдің бұл ұсынысы аудандық, қалалық және ауылдық биліктің дербестілігі мен жауапкершілігін арттыру туралы заңнама барысында қарастырылатын болады.