Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі ауысты

0
1 732

Жаңа кестенің тиімді тұсын қызметкерлер бағалап та үлгерді.


Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесі ауысты

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 19-сәуірінен бастап жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді департаментте жұмыс таңғы 8.30-да басталып, 17.30-да аяқталады. Жаңа кестенің тиімді тұсын ұжым мүшелері бағалап та үлгерді, деп жазады altaynews.kz.

Көптеген еуропалық мемлекеттерде офистар таңғы жеті-сегізде ашылып қояды. Ұлыбританияда қызметкерлер сағат 17.00-де, Швейцарияда 16.00-де жұмыстан қайтып кетеді. Еуропалық қызметкерлер түскі асқа жарты сағаттан артық уақыт жұмсамайды. Ал біздің шенеуніктердің түскі асына 1,5 сағат қарастырылған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс уақытын жарты сағат ерте бастау тек өздеріне ғана қатысты қанатқақты жоба ретінде қолға алыныпты. Ведомствода ақылдаса келіп, түскі үзіліске бір сағат та жетеді деген шешімге келіпті. Түскі үзілісті жарты сағатқа қысқарту және жұмысқа жарты сағат ерте келудің арқасында сегіз сағаттық жұмыс күні сақталады.

Жұмысты осылайша ұйымдастыру қызметкерлерге біраз артықшылықтар бермек. Біріншіден, жолда кептеліс аз болады. Екіншіден, қызметтен әдеттегіден ертерек шыққан соң бос уақытты отбасына, өзіне пайдалы етіп өткізуге мүмкіндік мол. Әзірге бұл қанатқақты режим тек агенттіктің орталық аппараты мен аймақтағы департаменттерінде енгізілмек. Егер қолайлылығы аңғарылып жатса, осы жұмыс кестесін басқа мемлекеттік органдарға да ұсынуға болады, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Шығысқазақстандық мемлекеттік қызметшілер жаңа жұмыс кестесінің ұтымды тұсын өз пайдаларына жаратып та үлгерді.

Өздеріңізге белгілі облысымызға Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жас өспірімдерге арналған Қазақ мемлекеттік театрының ұжымы гастрольмен келгені белгілі. Тарихы сонау 1945 жылдан басталатын театр ұжымы өскемендіктер мен қала қонақтарының назарына қойылымдарын бес күн қатарынан ұсынады.

Департамент мамандары «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының аясында, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында «Енелер мен келіндер» атты спектакльді тамашалап қайтыпты.