Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік ұсталды - ҰҚК

0
830

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны айтылды.


Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік ұсталды - ҰҚК

ERNUR.KZ. Қырғызстан Республикасынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған төрт шетелдік ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

"2022 жылғы 22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны айтылды.