Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жаза күшейтіледі

0
544

Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзуға қарсы тұру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізеді.


Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жаза күшейтіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп жазады ulysmedia.kz.

"Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзуға қарсы тұру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Шекаралас аймақтың жергілікті тұрғындарымен үнемі жиындар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады", - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда шекаралық аумақта заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жарияланып отырады.

"Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру аясында ҰҚК мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруда. Одан бөлек, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Үкімет жанында Мемлекеттік шекара комиссиясы, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктері жанында шекара мәселелері бойынша үйлестіру кеңестері жұмыс істейді", - деді Әлихан Смайылов.