"Мен қазақпын!": Павлодарлық оқушылар патриоттық челлендж бастады

0
2 429

Оқушылардың орындауындағы «Мен қазақпын» әні әлеуметтік желілерде хитке айналды.


ERNUR.KZ. Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж басталды, деп жазады pavlodarnews.kz.

№25 жалпы орта білім беру мектебінің парақшасында жариялаған видеодан мектеп оқушыларының елімізде хитке айналған Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқағанын көруге болады.

«Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Тәуелсіздік мерекесіне арналған челленджді «Жебе» және «Қағандық» қоғамдық бірлестігінен қабылдап, №19 жалпы орта білім беру мектебіне жолдайды», - деді мектеп директоры жарияланған видеода.