"Мен сені сүйемін Астана" атты жазба сұрықсыз күйге түскен

0
315


Фото: nur.kz

Астананың қақ ортасындағы "Мен сені сүйемін Астана" атты жазбасы бар қабырғаның жағдайы мүшкіл. Қала қонақтары жазбадағы әріптердің "шимайланған" түрін көріп, шошып кеткендіктерін жасырмады деп хабарлайды ERNUR.KZ nur.kz порталына сілтеме жасап.

Астананың қақ ортасында тұрған "Мен сені сүйемін Астана" жазбасы қабырғасын "шимайланып", мүшкіл күйге түскен. Жергілікті тұрғындар мұны астаналық жас буынның ісі дейді.

"Бұл бірінші жыл емес, қыс біткен соң жылда осындай күйге түседі. Бірақ, мынадай әр әрпін осылай адам көргісіз күйге түсіреді деп ойламаппыз. Әрине ұятты жағдай",-деп қысылды жергілікті тұрғындардың бірі. Ал, мейрам күндеріне келген қала қонақтары болса тіптен таң қалды. Айтуларынша, "Астана – бас қала болғандықтан, мұндағы әр ескерткіш пен көшедегі тәртіп қала билігінің жіті назарында болуы керек" екен.

"Балаларым студент болғандықтан, осында сонау батыстен келдік. Кешеден бері Астананың көрікті жерлерін аралап жүрміз. Мынау қала тұрғындары мен әкімдікке үлкен сын ғой. Суретке түсуге тұра қалып едік, беті жылтыр болғанымен, артқы көрініс жаға ұстатартық. Еліміздің басқа қаласы болса мейлі, Астанаға сай мәдениет қайда? Мұндай сорақылықты көреміз деп ойламаған едік", - деп налыды қала қонағы.

Айта кетерлігі, аталған қабырға қала тұрғындары мен меймандары жиі келетін басты алаңдардың бірінде тұр.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет