"Мені шешіндіріп зорлады". Алматыда 11 күннен кейін табылған студент қыз сұмдық оқиғаны айтты

0
4 812

Алматыда 23 ақпанда жоғалып кеткен Әйгерім Рысбек табылды. Бірінші курс студенті үйіне келіп, сұмдық оқиға туралы айтып берді. 15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty арнасына сілтеме жасап.


фото: Tengrinews.kz

Алматыда 23 ақпанда жоғалып кеткен Әйгерім Рысбек табылды. Бірінші курс студенті үйіне келіп, сұмдық оқиға туралы айтып берді. 15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty арнасына сілтеме жасап.

Қыздың сөзінше, ол сабақтан кейін әлеуметтік желіде танысқан жігітпен "Саяхат" автовокзалы маңында кездескен. Жігіт оны бірден көлігіне мәжбүрлеп отырғызып, белгісіз жерде зорлаған. Кейін оны басқа екі адамның қолына берген. Ал ол екеуі қызды 11 күн бойы қамап ұстап, бірнеше жер зорлаған. "Мені шешіндіріп зорлады, ана бірінші жігіт. Сосын қолыңды кесеміз деп қорқытты. Қолымды тартып қалып едім, шашымнан тартып, басымды жерге ұрды. Қолымды тіліп, А мен Н әрпін жазды. Қолыңды тіл әйтпесе өлтіреміз деп қорқытты", - деді Әйгерім Рысбек. Студент қыз әлеуметтік желісін бұзып кіріп, соңғы рет жазысқан сол жігітті анықтағаннан кейін табылды. "Бұл істің қозғалғанын да, қозғалмағанын да, ана баланы тергегені де, термегені де мен білмеймін. Еш хабар жоқ. Мен бүгін барайын деп едім. "Сіз келмеңіз" деді. Енді мен амал жоқ үйде отырмын. Маған әділдік керек. Маған шындық керек. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Қызымды таптаған, қорлаған қиянат жасаған адамдарды заңға тартсын!", - деді Нұрлыхан Рахимова. Ал қалалық Ішкі істер басқармасы бұл істің басқа нұсқасын айтады. Полицейлердің сөзінше тергеу жүріп жатыр, дегенмен, олар алдымен Әйгерімнің отбасын тексермек ниетте. "Азаматша Рысбек Наурызбай ауданына қарасты Алтын Орда сауда кешенінің маңында 7 наурызда табылған. Бойжеткеннің берген түсінігі бойынша, ол сабақтан құрбыларымен бірге шыққан, ал үйге қайтқысы келмеген. Біз бұл істі тергеп жатырмыз, балаларын тәрбиелеуге қатысты міндетін орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Тергеушінің мәліметі бойынша, Әйгерімнің оқиғасына қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.