Мені тоқтатпауға кеңес беремін: Мэлс Елеусізов президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

0
1 239

Сайлауға өзім барамын. Қазір өткізбесе, біреудің командасына қосыламын.


Мені тоқтатпауға кеңес беремін: Мэлс Елеусізов  президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Мэлс Елеусізов президент сайлауына қатысуға ниет білдірді. "Табиғат" экологиялық қоғамының көшбасшысы бұл үшін барын салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ktk.kz.

"Сайлауға өзім барамын. Қазір өткізбесе, біреудің командасына қосыламын. Ештеңеге қарамастан, қатысамын. Өзім үгіт-насихат жүргіземін. Қолдан келсе, ел аралаймын. Мені тоқтатпауға кеңес беремін. Менің заңды құқығым бар. Тіпті, заң өзгерсе де... Мен қоғамдық бірлестікті басқарамын. Ол 90-жылдардың басында тіркелген Қазақстандағы ең алғашқы танымал бірлестік", - дейді Елеусізов.

Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Бұл туралы 9 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.