Мереке қарсаңында елордада 22 сәби дүниеге келді

0
1 162

22 баланың 11-і қыз болса, 11-і ұл екен.


Мереке қарсаңында елордада 22 сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Елорда перзентханаларында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 22 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ktk.kz.

Айтулы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

«Осындай ерекше күні дүниеге келген нәрестелердің бауы берік болсын! Ел азаматтары болып өссін. Тұңғыш Президент күні өздеріңізді арнайы құттықтай келдік. Жыл санап дүние есігін ашқан сәбилердің саны арта берсін», - деді Б. Мәкен.

Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.

«Түнгі сағат 00:00-ден осы уақытқа дейін біздің орталықта 10 сәби дүниеге келді. Оның 5-уі ер бала, 5-уі қыз бала. Барлық босану сәтті өтті, сәбилерде, аналары да өздерін жақсы сезінуде», - деді қалалық №2 көпбейінді аурухананың директоры директоры Иван Ли.

Айта кетерлігі, қалада дүниеге келген 22 баланың 11-і қыз бала, 11-і ұл бала.