​Мешітке келушілер аспаз әйелге көлік алып берді (видео)

0
1 504

Талдықорғанда мешітке келушілер аспаз әйелге көлік сыйлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Мешітке келушілер аспаз әйелге көлік алып берді (видео)

Талдықорғанда мешітке келушілер аспаз әйелге көлік сыйлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желілерде тараған болатын. Видеодағы кадрлардан мешітке келушілердің ақша жинап жатқанын көруге болады.


"Талдықорғандағы мешіт. Аспазға көлік алып беру үшін ақша жинап жатырмыз. Міне, осындай идеялармен жинаймыз. (...)", - дейді видео авторы.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың айтуынша, видео Талдықорғандағы "Иман" мешітінде түсірілген. Ал мешіт өкілдерінің айтуынша, мешіт келушілері ақшаны өз еріктерімен жинады және ол ақша Земфира есімді аспаз әйелге жиналған. Ол мешітте 2,5 жыл уақыт жұмыс істеген екен. Ол тамақ дайындаумен қатар, мешітті тазалайды.

"Мешітте шамамен 20 оқушы бар. Олар "садақаға жиналып жатқан ақшаға Земфира апайға көлік алып берейік" деп ұсынды. Ол әйел осы күнге дейін олардың анасындай болып келді. Өте қамқор, мейірімді әйел. Ол көлік мінуге лайық. Демалыссыз жұмыс істейді. Мешітті тазалағаны үшін 30 мың теңге алады, ал тамақ дайындағаны үшін 50 мың теңге алады. Қаланың шетінде тұрады, жеткенше 3 автобус ауыстырады. Сондықтан біз Қадір түні болған кезде оған 537 мың теңге жинадық. Үстінен тағы 150 мың теңге қосып, 1993 жылы шыққан Nissan Primera көлігін алып бердік. Бүгін, Ораза айт күні оған көлік кілтін табыстадық", - дейді мешіттегілер.