Мешіттер түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттеледі

0
1 997

Еліміздегі діни бірлестіктердің қаржы қызметінің ашықтығы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілмек. Яғни, мешіттер мен шіркеулер барлық кірісінің көлемі мен оның қайдан түскенін, оның ішінде қаржы, қайырымдылық көмек және басқа да мүлікті бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндеттеледі.


Мешіттер түскен садақа мен қайырымдылық көмек туралы есеп беруге міндеттеледі

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер табысы мен шығысы туралы жылына бір рет есеп беретін болады. Бұл норма бүгін мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Еліміздегі діни бірлестіктердің қаржы қызметінің ашықтығы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілмек. Яғни, мешіттер мен шіркеулер барлық кірісінің көлемі мен оның қайдан түскенін, оның ішінде қаржы, қайырымдылық көмек және басқа да мүлікті бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндеттеледі.

"Олардың ішкі қаржылық есептерін міндетті түрде жүргізу талаптары енгізілді. Осы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялау көзделген. Халықаралық тәжірибеде бұл кеңінен қолданылатын заңнамалық талап", — деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе біздің қоғамда өте жиі көтеріліп жүр.

"Ақсақалдарымыз, қоғамда белгілі адамдар көптен бері айтып жүрген мәселе. Мешіттерге азаматтар ақшалай, кейде көлік ретінде, кейде көмірмен де көмек көрсетіп жатады. Осының бәрі есептеледі. Діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, бәрін түсіндірдік, олардың тарапынан ешқандай қарсылық жоқ. Бұл жағынан ұсыныстар көп. Садақа жәшігі бойынша да ұсыныстар бар. Оның бәрін қарастырамыз. Халықаралық тәжірибені қарауға болады. Мысалы, Малайзияда купон сатып алады. Түркияның тәжірибесі бар. Діни басқармамен бәрін ойластырып, бір шешімге келеміз", — деді Кәлетаев журналистерге.

БАҚ өкілдері министрден имамдардың табысын есепке кіргізу мәселесі қалай шешілгенін сұрады. Мысалы, имамдарды жамағат Құран оқытуға шақырып, ақша беріп, кейде шапан кигізіп жатады.

"Бұл мәселе бойынша діни басқармамен ақылдасып, дұрыс шешімге келу керек. Мұны ойластырамыз", — деді Кәлетаев.