Микроқаржы ұйымдары клиенттерді тексеруге міндеттелді

0
406

​Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының басшысы Ербол Омарханов несие алу тәртібі өзгергенін мәлімдеді.


Микроқаржы ұйымдары клиенттерді тексеруге міндеттелді

ERNUR.KZ. Қолданысқа онлайн-несие алудың 3 түрлі тәсілі енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Қауымдастық басшысының түсіндіруінше, онлайн-несие алғысы келген азамат электронды қолтаңба арқылы жеке деректерін көрсетуі керек. Бұл – бірінші тәсіл.

Екінші тәсіл бет-бейнесін биометриялық идентификациядан өткізуге тиіс. Үшінші тәсіл жеке дерегі мен бейнесін 2 факторлы тексерістен өткізу. Осындай шарттарды орындаған азаматтарға ғана қарыз беріледі.

«Барлық шағын кредиттік ұйымдар Ұлттық банктің арнайы сервистік жүйесі арқылы клиентті тексеруге, оның дерегін өтінімде берілген дерекпен салыстыруға және клиенттің биометриялық дерегінің жеке басын куәландыратын құжаттағы дерекпен сәйкестігіне көз жеткізуге міндеттеледі», – деді Ербол Омарханов.