Миллионнан астам қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

0
739

​Бір миллионнан астам борышкер шетелге шыға алмайды. Олардың жалпы қарызы 6 миллиард теңгеден асады


Миллионнан астам қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қарызын уақытында төлемеген азаматтар бір миллионнан астам қазақстандыққа шетелге шығуға уақытша тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының хабарлауынша, борышкерлердың жалпы қарызы 6 миллиард теңгеден асады.

Шекарадан шығуға шектеу қойылғандар тізімінде банктік қарызы бар азаматтар кірген. Бұдан бөлек үш ай бойы алимент төлемегендер де осы тізімде.

Сонымен қатар салық, айыппұл және коммуналдық қызмет шоттарын төлемегендерге де елден шығуға шектеу қойылған. Қолданыстағы заңға сәйкес айыппұл көлемі 20 айлық есептік көрсеткіштен артық болса, ел тұрғындары Қазақстан аумағынан шыға алмайды. Ал шектеу қою туралы шешім тиісті сот үкімінен кейін іске асырылады.