Министр 2025 жылға дейін аудандық жолдарды жөндеп шығуға уәде берді

0
924

Елбасының тапсырмасына сәйкес облысаралық, жергілікті және ауданаралық жолдар желісін жақсарту және дамыту мақсатында жыл сайын бюджеттен 150 млрд АҚШ доллары бөлінеді


Министр 2025 жылға дейін аудандық жолдарды жөндеп шығуға уәде берді

ERNUR.KZ. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жергілікті жерлердегі барлық жолдарды 2025 жылға дейін «жақсы жағдайға» келтіруге уәде берді, деп жазады Іnform.kz.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Премьер-Министр Б. Сағынтаевқа аудандық жолдарға көңіл бөлуді тапсырған болатын.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкімет басшысы Б. Сағынтаевты қабылдау барысында «республикалық жолдар желісіне ірі көлемде қаражат құйылды және құйылуда» деп айтты. Осы тұрғыда біз 2020-2021 жылдарға дейін барлық республикалық жолдар желісін жақсы жағдайға келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазір алдымызда жергілікті жерлердегі жол желілерін сәйкестендіру бойынша тапсырма тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес облысаралық, жергілікті және ауданаралық жолдар желісін жақсарту және дамыту мақсатында жыл сайын бюджеттен 150 млрд АҚШ доллары бөлінеді. Оның 50% жергілікті, 50% республикалық бюджеттен бөлу принципімен іске асырылады. Бұл өз кезегінде жыл сайын 4 мың шақырым жергілікті автожолдар желісін жөндеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда жергілікті жерлердегі автомобиль жолдары 2025 жылға қарай жақсы жағдайға жетеді», - деді министр Жеңіс Қасымбек.