Министр Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильм" жекешеленбейтінін айтты

0
980

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жекешелендірілетін ғимараттар тізімінде тұр.


Министр Ақтоты Райымқұлова
ERNUR.KZ. "Қазақфильм" киностудиясы жекешеленетін ғимараттар тізімінен алып тасталады. Бұл туралы ОҚК брифингінде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, - деп

жазады tengrinews.kz.

"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жекешелендірілетін ғимараттар тізімінде тұр. Қазақстан Республикасының модернизациясы жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында премьер-министр Асқар Мамин "Қазақфильмді" жекешеленген ғимараттар тізімінен алып тастау жөнінде ұсынысты қолдады", - деді министр.

Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, бүгінде бұл сұрақ министрдің жіті бақылауында. Бұл бастаманы алдағы уақытта үкімет мақұлдайды.