Министр Қазақстандағы митинг өткізу әрекеттеріне қатысты пікір білдірді

0
1 034

10 мамырда шамамен 11:00-де Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратының алдында заңсыз митинг өткізу әрекеті болған еді.


Министр Қазақстандағы митинг өткізу әрекеттеріне қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елде өткен митингтерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Полицейлер Бас прокуратураның бұйрығы бойынша жұмыс істеді. Осы орган заңбұзушылықтар жайлы түсінік жұмыстарын жүргізді. Бағынбағандарға әкімшілік жаза қолданылды. Материалдар сотқа жолданды. Сот шешім шығарды", - деді министр үкімет ғимаратында журналистердің қойған сұрағына.

Еске салайық, 10 мамырда шамамен 11:00-де Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратының алдында заңсыз митинг өткізу әрекеті болған еді. Олар полицияға жеткізілген.