Министр: "Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек"

0
696

Мемлекеттік тапсырыспен түсірілді деген "қысқа белдемше киген қыз" жайлы видеоролик әлеуметтік желілерде өте қызу талқыға түсіп жатыр.


Министр:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алу керектігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Министр Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді. Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз. Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын. Әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаны дұрыс", - дейді Аида Балаева.

Айта кетейік, мемлекеттік тапсырыспен түсірілді деген "қысқа белдемше киген қыз" жайлы видеоролик әлеуметтік желілерде өте қызу талқыға түсіп жатыр.