Министр Біртанов үкімет отырысында Сағынтаевтан сөз естіді

0
986

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан халыққа дәрі-дәрмек неге жетпей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Министр Біртанов үкімет отырысында Сағынтаевтан сөз естіді

фото: sputniknews.kz

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан халыққа дәрі-дәрмек неге жетпей жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бақыт Тұрлыханұлы (қаржы министрі – ред.ескертп) айтып отырғандай, республикалық бюджеттен бөлінген 13 млрд теңгені денсаулық сақтау министрлігі игермеген. Елжан Амантайұлы (Біртанов, денсаулық сақтау министрі –автор ескертп.) дәрілер алынбай жатыр. Наурыз айының ортасына келдік, әлі дәрі жетпей жатыр. Бұл қалай сонда?", — деп дауыс көтере сұрады Сағынтаев министрден.

"Қазіргі таңда дәрі-дәрмектің 94 пайыздан астамы сатып алынған. Жалпы өңірлерге 85 пайыздан астам дәрі жеткізілді. Соңғы дәрілерді сатып алу үшін тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Қажетті дәрінің бәрі жеткізілді", — деді министр.

Ал мемлекет қазынасынан бөлінген ақшаның игерілмеу себебін былай түсіндірді.

"Игерілмеген 12 миллиардтың 10 миллиарды медициналық қызметтерді төлеу комитетінің желтоқсан айындағы, соңғы екі аптадағы ақшасының төленбеуінен. Қажетті нормативтік-құқықтық акті қабылдауға байланысты сәл кешігіп төленді…", — деді Біртанов.

Сағынтаев министрдің сөзін аяқтатпастан, бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Ал білім және ғылым министрлігі 17 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы 8 миллиард теңгені игермеген.