​Министр: бүкіл әлем электронды визаға көшкенде, Қазақстан әлі қолмен қағаз толтырады

0
1 042

Алматы мен Астанада Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 2018 жылдың соңына дейін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді.


​Министр: бүкіл әлем электронды визаға көшкенде, Қазақстан әлі қолмен қағаз толтырады

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелдік туристер үшін виза мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Мұхамедиұлы саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары туристік және басқа мақсаттар үшін Қазақстанға визасыз келуге құқылы екенін еске салды.

"Алматы мен Астанада Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 2018 жылдың соңына дейін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді. Нәтижесінде Қазақстаннан Қытайға транзит ағымы 60%-ке өсіп, қалаға 17 мыңнан астам шетелдік келген", - деді министр мәжілістегі үкімет сағатында.

Ол жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында пилоттық режимде 128 мемлекеттің азаматтары, соның ішінде Үндістан, Қытай, Иран, Парсы шығанағы елдеріне арналған электрондық виза механизмі іске қосылатынын атап өтті. Бұл виза алу мерзімін 5 күнге қысқартады және процесті едәуір жеңілдетеді.

"Өкінішке қарай, бүкіл дүние жүзі электронды визамен жұмыс істеп жатқанда, Қазақстан әлі кезекке тұрып, бәрін қолмен толтырып жатыр", - деп қапаланды Мұхамедиұлы.