Министр ет бағасын әдейі өсіргендерге шара қолданылатынын ескертті

0
876

Қазіргі уақатта монополияға қарсы комитет ет бағасына қатысты сараптамалық мәліметтерді жинастырып жатыр.


Министр ет бағасын әдейі өсіргендерге шара қолданылатынын ескертті

ERNUR.KZ. Ет қымбат. Соңғы уақыттары Ұлттық экономика министрлігіне осыны айтып шағымданатындар көбейген. Сондықтан ет бағасы нарығындағы кемшіліктерді анықтау үшін министрлік толыққанды сараптама жүргізуді бастап кетіпті, деп жазады ktk.kz.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, бұрын «ретро-бонус» деген ұғым болған. Яғни, тауарды жеткізіп беруші сауда желісіне екіжақты келісім жүзеге асқан жағдайда бонус төлеуі керек. Ол ақыр соңында тауар құнының қымбаттауына әсер ететін. Енді оны заңнан алып тастаған. Оған қоса, жергілікті әкімдіктер баға тым қымбаттап кетпес үшін шекті баға мөлшерін белгілейді. Бірақ, соған, қарамастан ет бағасы өсіп барады.

Қазіргі уақатта монополияға қарсы комитет ет бағасына қатысты сараптамалық мәліметтерді жинастырып жатыр екен. Қандай да бір кілтипан табылып жатса дереу тексеруге шығып, бағаны келісіп алатындарды анықтап, шара қолданбақ.

"Бізге тұрғындар базардағылар бағаны келісіп алған деп әлі шағым түсіріп жатыр. Соңғы уақыттары ет бағасына қатысты шағымдар көбейді. Соған байланысты сараптама жүргізу үшін нарықтағы ет үлесі, өндіріс көлемі мен экспорт және импортқа қатысты тоқсандық мәліметтерді күтіп отырмыз" - дейді Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі.