Министр карантин режимін ең көп бұзған қалаларды атады

0
463

Мониторингтік топтар жұмысының шеңберінде осы жылы 5 шілдеден бастап 50 мыңнан астам бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.


Министр карантин режимін ең көп бұзған қалаларды атады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді, деп жазады baq.kz.

ІІМ карантиндік және шектеу шараларын сақтау бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетеді. Күн сайын 10 мыңға жуық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскерлері және шамамен 1000-ға жуық ерікті жұмылдырылады. Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде 4 блок бекеті және 2 санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа полиция қызметкерлері 299 карантиндік объектілерді бақылайды. Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша аурумен байланыста болған адамдардың мекен жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Мониторингтік топтар жұмысының шеңберінде осы жылы 5 шілдеден бастап 50 мыңнан астам бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

28 мыңнан астам карантин режимін бұзу анықталып, оның жолы кесілді. Оның ішінде 4 600-ден астамы - сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і мейрамханалар, кафелер және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласында (3 876) тіркелді, - деді ол.

Министрлік басшысы барлық анықталған факті бойынша денсаулық сақтау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылғанын айтты.

Ішкі істер органдары төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзушыларды ӘҚБтК-нің 476-бабы «төтенше жағдай режимін бұзу», ӘҚБтК-нің 478-бабы «төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер» бойынша тартқанын атап өту қажет. ТЖ құқықтық режимінің тоқтатылуымен карантинді бұзу фактілерін әкімшілендіру мәселелері қозғалды және олар Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. Осы ретте тиісті министрлікпен бірге рейдтер жүрізіледі, - деп атап өтті ІІМ министрі.